Облыстық «Жастар Рухы» Жастар қанаты «Әділетті Қазақстан» жастары үшін басымдық болып саналатын білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік, патриотизм, жастардың саяси көзқарастарын қалыптастыру, сыни ойлау қабілетін дамыту, аға буын мен жас буын арасындағы ұрпақтар сабақтастығын қaлыптастыру мaқсатында бірқатар тың жобаларды қолға алып отыр.
Солардың бірі Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Тәуелсіздік бізге аманат» тақырыбындағы диалог алаңы болды.
Облыс жастары «BIR TOLQYNDA» еркін диалогтық алаңына бұл жолы қонақ ретінде белгілі журналист, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, аудармашы, Жамбыл облыстық телеарнасы мен баспасөз саласында көп жылдар бойы еңбек еткен Бекет Момынқұл мен Қазақстан республикасы Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстан республикасы Мәдениет саласының үздігі, Талас аудандық мәслихатының депутаты, ақын Үміт Битенованы шақырған екен.
Айта кетейік, жастармен ашық пікір алмасуға келген Бекет Момынқұл батыр Бауыржан Момышұлының немере інісі болып келеді. Сондықтан, Бекет Әбілдаұлы ең бірінші кезекте студент жастармен ағасы Бауыржан Момышұлы туралы тың естеліктерімен бөлісіп, бүгінгі бейбіт күнді жақындатқан батырлар жайлы кеңінен әңгіме қозғады.
Ал ақын Үміт Битенова Тәуелсіздік туралы тереңінен толғанып, бүгінгі азат күнді жақындатқан боздақтар туралы айтты. Әсіресе, Желтоқсан көтерілісінде құрбан болған жастар туралы, олардың қайтпас қайсарлығын, мұқалмас мықтылығын, өр рухын қазіргі жастарға үлгі етті.
Өз кезегінде «BIR TOLQYNDA» еркін диалогтық алаңына жиналған жастар да Тәуелсіздік туралы ойларын ортаға салып, бабалар рухына тағзым етіп, олардың ерлігін ешқашан ұмытпайтындықтарын жеткізді.