Біз кз

Таразда соғыс ардагерлеріне 1,5 миллион теңге беріледі

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың үшінші сессиясы өтті. Жиынды ашқан Тараз қалалық мәслихатының  төрағасы Кенжебек Олжабай депутаттарды күн тәртібімен таныстырды.
Бұдан кейін сөз алған қала әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гаухар Олжабаева Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №66-8 «Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту» және мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы шешімдеріне енген өзгерістер туралы баяндады.
– Жыл сайын Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне және Жеңіске қол жеткізуге үлес қосқан тыл ардагерлеріне бір жолғы материалдық көмек көрсету дәстүрге айналған. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2023 жылғы 10 сәуірдегі тапсырмасына сәйкес, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне төленетін бір жолғы әлеуметтік төлем мөлшерін 1 миллион теңгеден 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеге көтеру туралы шешім жобасын ұсынамын, – деген Гаухар Елубайқызы қалада бұл санаттағы он ардагер қалғанын тілге тиек етті.
Сондай-ақ сессия барысында күн тәртібіне сәйкес Тараз қаласы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, рәміздер, жастар ісі, діни бірлестіктермен байланыстар, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау, әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың құрамы бекітілді.
ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.