«AMANAT» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің Бюро отырысы өтіп,онда «AMANAT» партиясы Талас аудандық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшелеріне сайлаушылардан түскен ұсыныстардың орындалуы бойынша мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі аталмыш мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Жайық Шалдаров есеп беріп, ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау науқанында сайлаушылардан түскен аманттардың ауданда іске асуы барысын баяндады. Аудандық мәслихат депуттарына ағымдағы жылы тұрғындардан жалпы саны 72 талап- тілектер түскен болса, бүгінгі күнге солардың 60 толығымен шешімін тапқандығын, ал қалған 12 мәселе орындалу үстінде екенін жеткізген Жайық Шалдаров атқарылған істерге жеке- жеке тоқталды.
– Қаратау қаласындағы 3 мөлтек ауданы № 5 және 6 жатақханаларды қайта жаңғыртуға 2023 жылға облыстық бюджеттен 666 млн.144 мың теңге қарастырылып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар алдағы желтоқсан айында толық аяқталып, тұрғын үй кезегінде тұрған 100 отбасына, оның ішінде 40 көпбалалы отбасына пәтер беріледі деп күтілуде.
«Ауыл ел бесігі » бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қарастырылған 563 млн. теңге қаржыға Ойық ауылында дене шынықтыру- сауықтыру кешенін салу жұмыстары жүруде. Бұл нысанның құрылысы 2024 жылдың сәуір айында аяқталып, қолданысқа беріледі. Сонымен қатар, осы Ойық ауылындағы Б.Әлменұлы атындағы негізгі мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында келер 2024 жылға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, 2025 жылы құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарлануда.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту » ұлттық жобасы аясында Ақкөл ауылында дәрігерлік амбулатория салу жұмыстары да келер 2024 жылдың еншісінде. Қазіргі таңда бұл жұмыстар бойынша облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Ауылдық аймақтарда мәдениет нысандарын салу жұмыстары да кезең- кезеңімен іске асуда. Бостандық ауылдық округіне қарасты Талапты ауылына мәдениет үйін салу бойынша құны 149,2 млн. теңге қаражатқа жоба дайындалып, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім жолданған болатын. Алайда, Талапты ауылы елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына халық санынының сәйкес келмеу салдарынан аталмыш жоба қаржылық қолдау таппады.
Сайлаушылардан түскен талап – тілектерді іске асыру бойынша бұдан бөлек, аудан орталығы Қаратау қаласындағы А. Пушкин атындағы орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу үшін келер жылға облыстық бюджеттен қаржыландыру күтілуде. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында ауданда «Отбасын қолдау» орталығын ашу мерзімі 2027 жылға белгіленді, – деген аудан әкімінің орынбасары мұнан соң «AMANAT» партиясы Талас аудандық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшелері тарапынан көтерілген Қаратау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйелерін жаңғырту, қаладағы иесіз тұрған нысандарды есепке алу сынды мәселер бойынша жауап берді.
Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Мемлекеттік бағдардамалар жіті бақылауда
Алдыңғы