Біз кз

Аналар ардақталған күн

Елімізде алтын құрсақты көп балалы аналарға мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп, жыл өткен сайын ана мен балаға деген қамқорлықтардың көлемі артуда.
Бүгін Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов көпбалалы аналарды қабылдап, Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 наурыздағы №497 Жарлығына сәйкес, алтын құрсақты аналарға «Алтын алқа» төс белгісін салтанатты түрде табыс етті.
Отбасында бала тәрбиелеп, еңбек етіп, қоғамның дамуына үлес қосқан аналар еңбегі әрқайсымыз үшін үлгі-өнеге екендігін айтып, мәртебелі дәрежелерімен құттықтады.
Өз кезегінде марапат иелері де көп балалы аналарға қолдау білдіріп, қамқорлық танытып отырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, аудан басшылығына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.