«Туған жерге туыңды тік» деген аталы сөз бар. Отанға деген сүйіспеншілік алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен, ата қонысқа деген құрметінен басталады.
Туған жерін абаттандырып, гүлдендіруге күш салып, өзге де қайырымдылық істерге қаржылық демеу көрсетіп жүрген азаматтар аз емес.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде Сарысу ауданы, Ақтоғай ауылында ауыл түлектерінің демушілігімен балалар ойын алаңшасы ашылды.
Мерекедегі игілікті шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Бұл жобаның іске асуына өз үлестерін қосқан барша ауыл азаматтарына алғысын білдірді.
Шара барысында Сарысу ауданның Құрметті азаматы, еңбек ардагері Оразымбет Айтбеков және ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шәді Салықбаев сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді.
Мереке қарсаңында ашылған ойын алаңшасының лентасы салтанатты жағдайда кесілді.
Ауыл тұрғындарына, әсіресе, балалар үшін мұндай үлкен қуаныш сыйлаған азаматтарға ақтоғайлық азаматтар да ақжарма алғыстарын білдірді. Мерекелік жиынға қатысқан балалар алаңшаның лентасы қиылған сәттен асыр салып ойнап, шат-шадыман көңіл-күйге бөленді.
Жүрекжарды қуанышын әсіресе, кішкентай балаларын ойната шыққан жас аналар мен, немере жетектеген әжелер бөлісіп жатты.