Біз кз

«Жүз шымшыманың…» жеңімпаздарына құрмет

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында сатирик, жазушы Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай халық театрларының «Жүз шымшыма…» атты республикалық әзіл-сықақ байқау-фестивалі өткен болатын.
Байқауда әр облыстан келген 14 халық-театры өнер көрсетіп, өзара сайысқа түсті. Өнерпаздар Шона Смаханұлының шығармаларынан көріністер қойды.
Театр фестивалінің ашылуына Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы – Лесбек Илебаев және облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы – Ерлан Жүнісбай арнайы келді.
Халық театрларының республикалық әзіл-сықақ байқау-фестивалінде халық әртісі, «Парасат», «Достық» ордендерінің иегері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, актер, режиссер, қазылар алқасының төрағасы – Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның құрметті журналисті, режиссер – Асқарбек Сейілхан, ҚР Мәдениет қайраткері, «Шаншар» әзіл-сықақ театрының актері – Жүсіп Ақшора, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» «Формат Е» мәдени даму оқу-әдістемелік орталығының директоры – Ерлан Әуесбаев және Облыстық халық шығармашылығы орталығының бас режиссері Нұралы Абдуллаевтар төрелік етті.
Байқау қорытындысы бойынша Таластық құрам үздік деп танылған болатын. Жеңімпаз құрамды аудан әкімі арнайы қабылдап, жеңістерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.