Біз кз

Тыл еңбеккерлеріне құрмет

Ұлы Отан соғысы жылдары майданға аттанған ерлердің орнын басып, аналар мен буыны бекімеген жас балалар тылда еңбек етіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты.
Миллиондаған адам «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен тылда бел шешпей еңбек етті.
Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов Ұлы Отан соғысы жылдары тылда еңбек еткен тыл еңбеккерлері, ауданның Құрметті азаматтары мен еңбек ардагерлері Қоңырбеков Ордабек, Ақылбеков Ермекбай, Досжанова Алтын және Тұмаркүл Жұмабекқызының үйлерінде болып, Жеңіс мерекесімен құттықтаған болатын.
Балалықтың не екенін білмей өскен, буыны бекімеген жас бала болса да тылда жұмыс істеп, ашаршылықты, ауырпалықты бастан кешіп, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей еңбек еткен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетті.
Аудан басшысы мерейлі мерекеде тыл еңбеккері, ауданның дамуына өзіндік үлесін қосқан Тұмаркүл Жұмабекқызына «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» мерекелік медалін табыс етті.
Өз кезегінде тыл ардагерлері арнайы құттықтап, құрмет көрсетіп жатқан аудан басшыларына ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Айта кету керек, қазіргі таңда Сарысу ауданында 50 тыл еңбеккері тұрып жатыр.
Ұлы Жеңіс күні аудандағы барлық тыл еңбеккерлеріне аудандағы мекеме және кәсіпорын басшылары, ауылдық округ әкімдері тарапынан құттықтаулар ұйымдастырылды.
ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.