Біз кз

Түлектер тартуы

1 маусым – балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысы Жуалы ауданында 15 жылдық түлектер ауыл балаларына тамаша сый жасады.

Шақпақата ауылы Қ. Сағындықов атындағы орта мектептің 2009 жылғы түлектері Шақпақата балабақшасына заманауи балалар ойын алаңшасын салып берді.

Алаңшаны тапсыру салтанатына орай «Жүрегімді балаларға арнаймын» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Анар Ахметова қатысып, аудан басшылығының мерекелік құттықтауын, түлектерге деген ризашылығын жеткізді.

Өз кезегінде балабақша бақшылығы, ауыл тұрғындары да алғыстарын айтты.

– Біз өз ауылымыздың балаларына тосын сый жасағанды жөн көрдік. Ауыл балалары да қала балаларынан кем болмай өссе, балалық шағы алаңсыз өтсе децміз. Әр салада еңбек етіп жүрсек те туған ауфлымыздың өркендеуіне тамшыдай болса үлесімізді қосуға қашан да дайынбыз, – дейді түлектер.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.