Біз кз

ҚАЖ қызметкерлері Ұлттық кітап күні кітапханаға барды

4213c8bb-aa3b-4ab3-b7d9-14850c795717

Бірер жыл бұрын біздің елде кітап оқу мәдениетін арттыру және кітап оқуды дәріптеу мақсатында «Ұлттық кітап күні» бекітілгені белгілі. Барша халықты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға шақыру бастамасы Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында берген тапсырмасы негізінде қолға алынды. Осылайша, 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітілді. Жалпы, рухани әрі мәдени иммунитеті мықты елдің іргесі берік, сапасы жақсы болары сөзсіз. Демек, Президенттің тікелей назарында тұрған рухани мерекені мазмұнды етіп өткізудің маңызы зор.

23 сәуір – Ұлттық кітап күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері үшін Тараз қаласында орналасқан Абай атындағын орталық кітапханаға танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Шара барысында ҚАЖ қызметкерлеріне кітапхананың құрылымы мен мүмкіндіктерімен таныстырылып, дана Абайдың мұрасы, оның философиялық көзқарастары және әлемдік өркениетке қосқан үлесі туралы мол мағлұмат берілді. Сондай-ақ тәртіп сақшыларына заманауи цифрлық ресурстар, оқу залдары және білімге қолжетімділікті қамтамасыз етудің инновациялық тәсілдері таныстырылды. Өз кезегінде ҚАЖ қызметкерлері кітапханашылармен әңгімелесіп, экскурсиядан кейін оқу залдарында әдебиеттермен өз бетінше танысуға мүмкіндік алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.