Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы Абдалы Тоқбергенұлы Нұралиев жұмыс сапарымен Талас ауданына барды.
Мәслихат төрағасы бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады, ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бағамдады.
Алдымен Абдалы Тоқбергенұлы Қаратау қаласы Б. Момышұлы көшесі бойында орналасқан №17 үйдің жай-күйімен танысты. Сонымен қатар, күрделі жөндеуді қажет ететін А. Пушкин атындағы орта мектебін көрді. Қазіргі уақытта білім ошағында қазақ және орыс тілдерінде 2 ауысымда 800-ге жуық оқушы білім алуда.
Одан кейінгі жұмыс сапары Қаратау қаласындағы Панфилов көшесін қайта жаңғырту жобасын көрумен жалғасты. Аталған көшеде жалпы 1.1. шақырым жол қайта жаңғыртудан өтетін болады.
Бұдан кейін мәслихат төрағасы мәрмәр тотықтырғышын өндіретін (ұнтағын) «Қаратау ПРО» ЖШС зауытының жұмысын көріп, мамандарымен жүздесті. 2017 жылы жұмысын бастаған зауыт қазіргі уақытта 110,0 мың тонна өнім өндіріп, 96 адамды тұрақты жұмыспен қамтуда.
Абдалы Тоқбергенұлы Қаратау ауылдық округіне қарасты Есейхан ауылына кіре беріс автомобиль жолында болып, орташа жөндеу жұмыстарының жобасын қарады.