Біз кз

Тараздағы түзеу мекемесінен шымкенттік азамат босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы тәуелсіз елімізде республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заңға қол қойған болатын. Бұл заңға сәйкес, рақымшылық қоғамға елеулі қауіп төндірмейтін, қоғамдық қауіпсіздікке және мемлекеттік маңызды мүдделеріне зиян келтірмеген құқықбұзушылықтарды жасаған азаматтарға қолданылады.

Ал сыбайлас жемқорлық, терроризм, эктремизм, азаптау, кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасалған, сондай-ақ қауіпті қайталама қылмыс жасағандар рақымшылыққа ілінбейді. Бұдан бөлек өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар мен сырттай сотталғандар да аталған заң қолданбайды.

Бірер күн бұрын дәл осы заң аясында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінен шымкенттік азамат босатылды. Еркін өмірге жолдама алған 33 жастағы ер адам сот үкімі негізінде қолданыстағы Қылмыстық Кодекстің 189-бабының 1-бөлігі және 190-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Бұл күні ҚАЖ қызметкерлері О есімді ер адамға еркін өмірдегі құқықтары мен міндеттері мұқият түсіндіріп, оған қайта қылмысқа бармау жөнінде қатаң ескертті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.