Әріптерді көзбен көру міндетті емес, оны саусақпен сезініп, құлақпен тыңдап та тануғаболады. Ең бастысы – әр баланың кітап әлемінеапарар өз жолы болуы керек.
Кітап оқитын ұлт қалыптастыру – тек кітап оқумәдениетін дамыту ғана емес, әрбір баланыңбілімге қол жеткізуіне жағдай жасау. Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқумәдениетін дамытуға бағытталған бастамаларыныңнегізгі мақсаты да – оқырман ұрпақ тәрбиелеу, кітаптың қоғамдағы орнын нығайту. Ал бұл жолдаешбір баланың кітап әлемінен шет қалмауы ерекшемаңызды.
Осы ізгі ұстанымның жарқын көрінісі – Бақытжан Советұлының «Әріптер әлемі» атты төртформатта жарық көрген жұмбақтар кітабы.
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсізкөретін азаматтар кітапханасыныңұйымдастыруымен таныстырылған бұл ерекшебасылым – жай ғана балалар кітабы емес, көрумүмкіндігі әртүрлі бүлдіршіндердің білім мен әдебиетке тең дәрежеде қол жеткізуіне бағытталғанмаңызды қадам.
Үлкейтілген қаріп көру қабілеті төменбалаларға оқуға қолайлы жағдай жасайды. Брайль қарпі зағип балаларға әріптерді саусақ ұшыментанып, сөз әлеміне өз бетінше қадам басуғамүмкіндік береді. Тактильді суреттер арқылы бала бейнелерді қолымен сезініп, қоршаған ортанытаниды. Ал QR-код арқылы ұсынылған аудионұсқакітапты тыңдау арқылы қабылдауға жол ашады.Мұның балалар үшін маңызы зор. Әсіресе әріптанып, алғашқы сөздерді үйреніп жүрген зағипбүлдіршіндер үшін Брайль қарпімен жазылғанкітаптың орны ерекше. Әрбір нүктені саусағыменсезіну – олар үшін әріппен танысу, сөз құрау, сөйлем оқу, бірте-бірте өз бетінше кітап оқуғаүйрену деген сөз. Бұл баланың тек сауатын ашыпқана қоймай, өзіне деген сенімін арттыратын, дербестігі мен танымдық қабілетін дамытатынмүмкіндік.
Ең маңыздысы, зағип бала да қатарластарыменбірге бір кітапты оқып, жұмбақ шешіп, алғанәсерімен бөлісе алады. Бірі мәтінді көзбен оқыса, екіншісі саусақпен сезінеді, үшіншісі тыңдайды. Бірақ барлығы бірдей білім алады, бірдейқызығады, бірдей армандайды.
Кітаптың тағы бір ерекше қыры – оныңаудионұсқасының Жамбыл облыстық көзікөрмейтін және әлсіз көретін азаматтаркітапханасында «Оқитын ұлт» жобасы аясындажүзеге асып жатқан «Балалардан балаларға» аудиожобасы арқылы әзірленуі.
Жоба аясында Тараз қаласындағы №69 мектепоқушылары кітапхана жанындағы арнайыаудиостудияға келіп, «Әріптер әлемі» кітабындағыжұмбақтарды өз дауыстарымен дыбыстады. Осылайша, жас оқырмандар өздерінің дауысынөзгелерге білім мен қуаныш сыйлайтын игі іскеарнады. Енді олардың орындауындағыжұмбақтарды көзі көрмейтін және әлсіз көретінбалалар тыңдап, кітап мазмұнымен таныса алады.
Бұл – балалардың балаларға жасаған шынайыжанашырлығы. Бірі кітапты дауыстап оқыса, екіншісі сол дауыстан білім алады. Бірі өз өнерінортаға салса, екіншісі жаңа дүниені тануғамүмкіндік алады. Осындай қарапайым көрінетін, бірақ мағынасы терең бастамалар балалар арасындамейірімділік, жауапкершілік, өзара қолдау мен достық құндылықтарын қалыптастырады.
Кітаптың шекарасы жоқ, білімнің кедергісіболмауы керек!
Кітаптың тұсаукесер рәсімінде автор БақытжанСоветұлы мен кітапхананың тифлопедагогы ЕрболАққайұлы Бегимов жаңа басылымның тұсауынкесіп, ізгі тілектерін білдірді. Жас оқырмандаравторға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кітаптың жазылу тарихы мен шығармашылықізденістері туралы әңгімелесті.
Бүгінде балаларға арналған кітаптар тек қызықты оқиғалар мен әдемі суреттерден тұрмауыкерек. Олар әр баланың танымына, қабылдауына, мүмкіндігіне сай жасалуы маңызды. Осы тұрғыданалғанда, «Әріптер әлемі» – инклюзивті әдебиеттідамытуға қосылған құнды үлес.
Кітап – біреуге әріп танытса, біреуге армансыйлайды. Бір бала үшін ол алғашқы оқылған сөзболса, екінші бала үшін өз бетінше ашылған жаңаәлем. Сондықтан әр баланың қолына лайықты кітапұстату – болашаққа жасалған маңызды инвестиция.
Әріптерді әркім әртүрлі танығанымен, білімгебастар жол бәріне ортақ. Өйткені кітап әлеміндешекара жоқ, ал білім алуға деген құштарлықтыңкөру мүмкіндігіне қатысы жоқ!