Біз кз

ҚАЖД №58 МЕКЕМЕСІНДЕ «ҚАМАЛ» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТКІЗІЛДІ

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №58 мекемесінде жеке құрамның жауынгерлік және қызметтік даярлығын арттыру, төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіру мақсатында «Қамал» оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында мекеме қызметкерлерінің белгіленген дабыл бойынша жедел әрекет етуі, өзара үйлесімділігі, қызметтік міндеттерді орындау тәртібі пысықталды.

Шараның негізгі мақсаты – жеке құрамның қырағылығын арттыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы кәсіби дайындық деңгейін жетілдіру.

Осындай оқу-жаттығулар қызметкерлердің кәсіби шеберлігін шыңдап, кез келген жағдайға дайын болуына ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.