Біз кз

БОС ОРЫНДАР ЛАУАЗЫМДАРЫ ЖАРИЯЛАНАДЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (әрі қарай — ҚАЖД) орта және кіші басшы құрамның бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

Қылмыстық-атқару жүйесінде еңбек сіңірген жылдары жеңілдік шарттарымен 1 жыл 1,5 жыл болып есептеледі.

Құжаттар хабарландыру шыққаннан кейін он жұмыс күні ішінде төмендегі мекен-жайда қабылданады: 008000, Тараз қаласы, Төле би даңғылы 147 А, анықтама үшін телефон, факс: 8 (7262) 45-11-82, duis.zhambyl.kz.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар қатысады.

Категория
Еңбек өтіліміне байланысты лауазымдық жалақысы, тенге
Азы Көбі
C – SGU — 12 166198 204403
C – SGU — 13 153887 189262
C – SVR — 8 153887 189262
C – SV — 13 142488 175243

1. ҚАЖ департаменті тылдық қамтамасыз ету бөлімінің жүргізуші қызметкері (C–SV–13) (орта басшы құрам) – 1 бірлік.
Департаменттегі қызметтік автокөліктерді жүргізеді, автокөлік құжаттарының толық сақталуын қамтамасыз етеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі орта, арнайы орта, жоғары кәсіби, жүргізуші куәлігі, жасы — 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.

2. ҚАЖД № 59 мекемесінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының санитарлық дәрігері (C–SGU-12) (орта басшы құрам) – 1 бірлік.
Қызметтік міндеттері: ҚАЖ мекемелерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына қадағалау, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары арнайы орта кәсіби, жалпы орта сертификаттың болуы, жасы — 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.

4. Талас аудандық пробация қызметінің инспекторы (C-SVR-7), (орта басшы құрам) – 1 бірлік.
Қызметтік міндеттері: Қоғамнан оқшаулаусыз жазасын өтеуші адамдарға қатысты сот үкімдері мен қаулыларын орындайды. Бақылау мерзімдік кәртішкелерді және сотталғандардың жеке істерін арнайды. Пенитенциарлық пробация қызметіндегі сотталғандардың мекен-жайларын тексереді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі арнайы орта, жоғары кәсіби, сертификаттың болуы, жасы — 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.

5. ҚАЖД № 25,26,58,59 мекемесінің бақылаушылық қызмет бөлімінің (аға) бақылаушысы (C–SV–13) (кіші басшы құрам) –70 бірлік.
Қызметтік міндеттері: Қамаудағы және сотталғандардың қашуына және басқа да төтенше жағдайды болдырмаудың алдын алады. Күдіктілермен Сотталғандардың ішкі күнтәртібін сақтауын қамтамасыз етеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары арнайы орта кәсіби, жалпы орта жасы — 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.

6. ҚАЖД № 58 мекемесінің режим бөлімінің бақылаушысы (C–SV–13) (кіші басшы құрам) –1 бірлік.
Қызметтік міндеттері: Қамаудағы және сотталғандардың қашуына және басқа да төтенше жағдайды болдырмаудың алдын алады. Күдіктілермен Сотталғандардың ішкі күнтәртібін сақтауын қамтамасыз етеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі орта, жасы — 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.

Leave A Reply

Your email address will not be published.