Біз кз

Еріктілердің еңбегі еленді

Бүгінде елімізде волонтерлық қозғалыс аясында атқарылған жұмыстар көптеп саналады.
Волонтерлер алуан түрлі қызмет үлгісін көмек ретінде көрсетеді. Кез келген адам еркіне қарай волонтер бола алады. Демек, волонтерлық қызмет – елдің әлеуметтік, мәдени, экономикалық және экологиялық дамуына әсер ететін күш.
«5 желтоқсан – халықаралық еріктілер күні» мерекесі қарсаңында Талас аудандық орталықтандырылған кітапханада «Волонтерлар әлемді өзгертеді» тақырыбында жастар форумы өтті. Жиынға аудандық мәслихат депутаты Анар Қалыбекова және ауданның белсенді жастары мен бастамашыл топтары қатысты. Шара барысында волонтерлық бағыттағы атқарылған жұмыстар бойынша есептер берілді.
Форум барысында А.Алтынбекқызы волонтерлықтың ауданымызда ерекше дамып келе жатқандығын және пандемия кезінде волонтерлардың ел үшін атқарған еңбегі зор екендігін баса айтты. Сондай-ақ депутат еріктілер жұмысы жастар арасында патриотизмінің, қайырымдылықтың, қамқорлықтың және игі істердің негізіне айналғанын тілге тиек етіп, ауданда волонтерлардың қатары жыл өткен сайын артып келе жатқандығы қуантатындығын жеткізді.
Шара соңында аудан волонтерлары арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.