Біз кз

Таразда түзеу мекемесінен бір азамат босатылды

Таразда жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында №26 түзеу мекемесінен еркіндікке жолдама алған алматылық азаматты шығарып салу шарасы өтті.

Шара барысында ҚАЖ қызметкерлері сотталғанның денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау мақсатында қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерделеу жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде 50 жастағы сотталған Б. есімді ер азаматқа еркін өмірдегі құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндіріліп, қайта қылмысқа бармауы жөнінде қатаң ескертілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.