Біз кз

«Есірткісіз болашақ» — жастар таңдауы


Тараз қаласының №50 орта мектебінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Есірткісіз болашақ: жастар таңдауы» акциясы өтті.

Іс-шараға 300-ден астам оқушы қатысып, жаман әдеттерден бас тартудың және өз болашағына қамқорлық жасаудың маңыздылығы туралы диалогтың бір бөлігі болды.

⁃ Мұндай кездесулер бір реттік акция емес, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Басты міндет — жасөспірімдерді есірткіні қолданудың салдары туралы ақпараттандыру және жастардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, — деді Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асқар Жұмабеков.

Акцияның маңызды сәттерінің бірі тыйым салынған заттарды анықтауға үйретілген қызметтік иттердің жұмысын көрсету болды. Кинологтардың көрсетілімі балалардың қызығушылығын тудырды — олар қойылымды көріп қана қоймай, талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, әсерлерімен бөлісті.

Іс-шараны Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Кинологиялық орталығы, Тараз қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.