Балалардың қараусыз-қадағалаусыз жүруіне жол бермеу, сондай-ақ жазғы демалысты ұйымдастырудың қажетті жағдайларын жасау үшін полиция қызметкерлері профилактикалық шаралар кешенін белсенді түрде жүргізуде.
Оқушылардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін қоғамдық және демалыс орындарда, шомылатын жерлерде, жазғы лагерьлерде мінез-құлық ережелері туралы нұсқаулар әзірленді. Бұл нұсқаулар демалушы мектеп оқушысының жеке назарына жеткізілетін болады.
Әсіресе, табиғатқа, өзен-көлдерге және су қоймаларына экскурсияға шыққан оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қадағалауға баса назар аударылуда.
Сонымен қатар, білім беру органдарымен бірлесіп балалар сауықтыру орталықтары және лагерьлердің қоршауы мен күзетінің болуына, сондай-ақ кіріп-шығуы тәртібі бойынша тексеру жүргізілді. Балалар қауіпсіздігі бойынша 1800 жаднама лагерь әкімшілігіне таратылды.
Әр лагерьге құқық бұзушылықтардың алдын алуға, баланың жарақат алуына жол бермеуге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізуге үнемі қатысатын полиция қызметкерлері тағайындалды.
Лагерьге келген алғашқы үш топтың балаларына құқықтық тәртіптің сақталуы туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді. Жазғы лагерьлерде жоспарланған барлық іс-шаралар балалардың мүмкіндік деңгейін тиімді пайдалануға, ыңғайлы жағдай жасауға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.