Біз кз

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінде қайта қылмыстың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296 және 297-баптарымен сотталған азаматтарға қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында сотталғандарға есірткі қылмыстарының құқықтық салдары, заң талаптарын сақтау, қоғамға бейімделудің маңыздылығы және бостандыққа шыққаннан кейін құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстану мен заң талаптарын сақтау жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.

Мекеме қызметкерлері мұндай профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – сотталғандардың құқықтық санасын қалыптастыру, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету және қайта қылмыс жасау тәуекелін төмендету екенін атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.