– Құрылыс, күрделі жөндеу және қайта жаңғыртуға қатысты жобалық-сметалық құжаттар сәулет және қалақұрылысы басқармасына қарасты «Арт бюроның» мұқият сараптамасынан өтуі қажет, – деді Ербол Қарашөкеев. – Бұл құрылым бюджет қаражатын тиімді игеруге және жобалық құжаттарды негізсіз қымбаттатуға жол бермеуге тиіс, – деп нақтылады.
– Құрылыс жұмыстарының кешігуіне көбіне кеш қаржыландыру немесе сот шешімінің негізінде тоқтатылуы себеп. Жылдық жоспарлау нақты жүргізіліп, мүмкіндігі бола тұра мемлекеттік сатып алу рәсімдерін кейінге қалдырмау керек, – деді өңір басшысы. – Құрылыс жұмыстары сот шешімімен бекерден-бекер тоқтатылмайды. Сондықтан жосықсыз мердігерлерге заң аясында тиісті шаралар қолданылуы керек. Алдағы уақытта «саны бар, сапасы жоқ» мердігерлер өз мүмкіндігін нақты бағалап барып ғана конкурсқа қатысатын болады, – деп түйіндеді Ербол Қарашөкеев.