Қазіргі таңда елімізде денесіне инемен тесіп жазу немесе түрлі ою-сурет (тату) салатындардың қатары көбейген. Өкінішке қарай, шариғатта рұқсат жоқ мұндай қадамға баратындардың басым көпшілігі жалынды жастар. Ең сорақысы, сурет (наколка, татуировка) салудың салдарынан адам бойында тері обыры, экзема және аллергия ауруларына пайда болады.
Жуырда өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері жазасын өтеушілерге осынау тақырып аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шара барысында асыл дініміз Исламда денесіне тату салуға тыйым салынғаны, санитарлық талаптарға сай емес инені пайдалану арқылы көптеген жұқпалы ауруларға душар болатыны жөнінде кеңінен айтылды.
Сондай-ақ, бұл күні арнайы контингент өкілдерінің назарына тақырып аясында бейнеролик ұсынылып, онда әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы сөз қозғалды.