Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың маусым айында өткен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде: «Әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құру үшін заң мен тәртіп үстемдігін түбегейлі орнықтыру керек», – деп атап өткен болатын.
Сондай-ақ, Президент жиын барысында егемен елімізде жемқорлықпен күресу үшін нақты, жүйелі шаралар қабылданып жатқанына да айрықша тоқталды. Бұдан бөлек басқосуда қылмыстық-атқару жүйесін ізгілендіру, жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдануы қажеттігі де сөз болды.
Жуырда өңір бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде өткен жиын барысында бақылаушылық қызмет бөлімінің бастығы, әділет аға лейтенанты Рысқұл Сағынбек Бақытбекұлы мекеме бақылаушыларына Президенттің құқық қорғау органдарының алдына қойған тапсырмасын жеткізіп, ҚАЖ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.
Сондай-ақ ол өз сөзінде әріптестеріне арнайы контингент өкілдерімен қарым-қатынас кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
biz01.kz