Біз кз

Тараздық ҚАЖ қызметкерлері кезекті рет қайырымдылық жасады

Қашанда қайырымдылық жасауды әдетке айналдырған жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері жаңа оқу жылында да білгенінен жаңылған жоқ. Нақтылай түссек, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері жақында ғана анасынан айырылған көпбалалы отбасыға арнайы барып, базарлығын табыстады. Осылайша, олар балақайларға аса қажетті азық-түлік пакетін үлестіріп, алғысқа бөленді.

– ҚАЖ қызметкерлерінің біркісідей сауапты іске жұмылып, көмекке зәру жандарға қол ұшын созатынын бірі білсе, бірі білмес. Өз кезегінде біз де мұны әрдайым жария ете бермейміз. Білім күні қарсаңында ағалық қамқорлық көрсету мақсатында осынау шараны ұйымдастырып отырмыз. Шын мәнінде, бұл – жас мамандарды тәрбиелеудің бір бағыты, – делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.