Біз кз

ҚАЖ қызметкерлерінің жедел жағдайларға дайындығы кезекті рет пысықталды

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінде кезекті рет жеке құрам қызметкерлерінің «Дабыл» бойынша әзірлігі мен арнайы сөмкелері тексерілді.

Бұл күні өңірлік ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобының өкілдері аталған мекеме басшылығымен бірлесе отырып, қызметкерлердің жедел жағдайларға сай болуын және тиісті ережелерді сақтауын тағы бір пысықтады.

Айта кетейік, мұндай шаралар жұмыс тәртібін нығайтуға, аз уақыт ішінде жеке құрам қызметкерлерін ұйымдастыруға және ҚАЖ қызметкерлері арасында тәртіпті қатаң сақтауға өз септігін тигізеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.