Биыл – Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл. Қазақтың қайсар қызына арналған іс-шаралар легі әлі де жалғасуда.
Жуырда А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облысқ қазақ драма театрында батыр қызға арналған «Әлия» спектаклі сахналанды. Жауқазындай жауынгердің ерлігін, қайсарлығы мен адамгершілігін өнеге еткен қойылымды көпшілікпен бірге өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер де тамашалады.
Айта кетейік, мергендер мектебін үздік тәмамдап, майданға аттанған Ә.Молдағұлова 1944 жылдың қаңтар айында Псков облысындағы шайқаста ерлікпен қаза табады. Ал дәл сол жылдың маусым айында қаһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.