Республика күні қарсаңында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күні ҚАЖ қызметкерлері бірлік пен тәуелсіздіктің мерекесіне айналған ұлық мейрам жөнінде арнайы контингент өкілдеріне мол мағлұмат берді.
Шара барысында сотты болған азаматтар патриоттық әндерді нақышына келтіре шырқап, күмбірлете күй тартты. Өз кезегінде белсенділік танытқан бірқатар жазасын өтеушілерге мекеме әкімшілігі тарапынан марапатталды.