Тараз қаласының тұрғыны Жадыра Жанадилова қыркүйек айында алты перзентін кесарь тілігі арқылы дүниеге әкелген. Отадан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, науқас қалалық көпбейінді аурухананың және консультативтік-диагностикалық орталықтың нейрохирургия бөліміне шұғыл ауыстырылған.
Дәрігерлер пациентке МРТ зерттеуін жүргізіп, нәтижесінде «интрамедуллярлық түзіліс Th4–Th5 деңгейінде» деген диагноз қойған. Яғни, омыртқаның ортасынан өтетін жұлынның ішінде түйін пайда болған.
Аурудың салдарынан пациенттің аяқтарында әлсіздік пен жансыздану пайда болып, екі аяғын баса алмай қалған. Сонымен қатар, зәр мен нәжіс шығару жүйесінің қызметі бұзылған. Дәрігерлер науқасқа шұғыл түрде нейрохирургиялық ота жасаған.
Күрделі отадан кейін Жадыра Жанадилова аурухананың қайта қалпына келтіру емі және медициналық оңалту бөліміне ауыстырылған.
Бөлім меңгерушісі Альбина Абдусаметованың айтуынша, науқас оңалту бөліміне ауыр халде түскен. Екі апта ішінде дәрігерлер оның аяққа тұруы үшін ауқымды жұмыс атқарған.
«Өзі — жаңа босанған, көпбалалы ана. Аяғын баса алмай, кіші және үлкен дәретке отыра алмай қатты қиналды. Кешенді оңалту жұмыстарының нәтижесінде пациентіміз аяққа тұрып, ертең үйіне шығарылады. Бұйырса, перзентханадағы баласын бауырына басып, үйдегі балапандарымен қауышады. Бұдан артық бақыт бар ма?» — деді Альбина Айтжанқызы.
Айта кетейік, пациенттің отасы мен оңалту шаралары толығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында қаржыландырылған.
#МӘМСЖАМБЫЛ #ОСМСЖАМБЫЛ
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
МӘМС екінші өмір сыйлады: 6 баланың анасы аяққа тұрды
Алдыңғы