Тараз қаласының тұрғыны, 58 жастағы Гүлжан Жанадилова екінші рет инсульт алып, шұғыл қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығына жеткізілген. Дәрігерлердің жедел әрекетінің арқасында ол инсульт орталығында тиісті емін алып, өмірі үшін күресті.
«Пациент ауруханаға түскен кезде қан қысымы өте жоғары болды, өзін өте әлсіз сезінген. Бір апта емнен кейін жағдайы жақсарды, бұйырса, 1-2 күнде үйіне шығады», — дейді невролог Арайлым Ашықбаева.
Пациенттің емі МӘМС жүйесі аясында толығымен тегін жүргізілді.