Біз кз

Интернет-алаяқтықпен күрес: Жамбыл облысы полициясының тәжірибесі мен шаралары

Елімізде интернет-алаяқтық қылмыстары өршіп тұрғандығын ескеріп, Мемлекет басшысы бұл бағытта алдын алуға батыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Өз кезегінде Жамбыл облысы Полиция департаменті интернет-алаяқтықпен байланысты қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеп-тексеру сапасын арттыру мақсатында үйлестірушілік шаралар қабылданып, құзырлы органдардың қатысуымен әр түрлі форматта мекемеаралық жиналыстар өткізілді.

2024 жылдың 1 қарашасында Қазақстан Республикасы ІІМ-де Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылып, облыстық аумақтарда желтоқсан айында тергеу желісі бойынша бөлім және бөлімшесі құрылса, ал жедел уәкілі саласында а.ж. қаңтар айында Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы құрылды.

Аталған басқарма заманауи құрал-жабдықтармен және қажетті ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылдың 10 ай қорытындысы бойынша облысымызда интернет алаяқтық дерегінің тіркелуі өткен жылмен салыстырғанда +202,3 пайызға яғни, 213–тен 644-ке ал, ауыр санаттағы интернет алаяқтық дерегі 71-ден 279-ға жоғарылады.

Алайда барлық республика аумағында осы тәрізді істердің өсуі байқалуда.

Интернет алаяқтықтың жалпы ашылуы 23,4 пайыздан 48,1 пайызға ал, ауыр санаты бойынша 30,2 пайыздан  68 пайызға жоғарылады.

Облыс прокуратурасымен интернет-алаяқтықты жасау тәсілдері ескеріліп, онымен күресуге оң әсерін тигізе алатын «CyberShekteuTaraz» телеграмм-боты әзірленіп, қазіргі таңда аталған бот арқылы 500-ге жуық жалған мәліметтер түсіп  (интернеттегі қатерлі сілтемелер, алаяқтардың ұялы телефон нөмірлері, әлеуметтік желілер мен маркетплейстарда жалған жарнамалар), оларды бұғаттау шаралары көрілуде.

Ұлттық Банк «Антифрод-орталығы» мүмкіншілігін пайдалану тәжірибесі күнделікті қолданылуда, аталған орталыққа күмән тудыратын 4115 банктік есепшоттар енгізіліп, оның 2242-сі бұғатталып, қалғаны қаралуда.

Сондай ақ телефонды қолданып жасалатын алаяқтық қылмыстарыныңда өршіп тұрғандығын ескеріп, «Қазақтелеком» АҚ және байланыс операторларымен «Сим-бокс» құралдарын анықтауға шаралар көрілуде.

Тоқталар болсақ, қазіргі таңда бірлесіп атқарылған жұмыстар нәтижесінде қылмыскерлерге әр түрлі нөмерлерден қашықтықтан байланысу мүмкіндігін беретін 128 слоттық «СИМ-бокс» Тараз қаласы аумағынан анықталып, күдікті қамаққа алынып, оған қатысты тергеу жүргізілуде.

Қазір интернет-алаяқтарға қылмыс жасауға көмектескен, яғни қаражаттарды есеп-шоттардан шешіп берген немесе біреулерге өз есеп-шоттарын пайдалануға берген азаматтардың (дропперлер) жауаптылығы күшейтілуде.

Яғни, 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекске жаңа 232 – 1 бабы енгізілді. (Бұл жерде Банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына қол жетімділікті заңсыз ұсыну, беру және алу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру бойынша жауапкершілік қарастырылған).

Іс-әрекеттің ауырлығына, сипатына және алынған пайда мөлшеріне қарай 232-1-бап мүлікті тәркілей отырып 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Ескерту. Осы бапта көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған, бұл туралы өз еркімен мәлімдеген, сондай-ақ осы құқық бұзушылықты ашуға немесе оның жолын кесуге белсенді түрде ықпал еткен адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

2025 жылдың 30 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасында тұтынушылық кепілсіз онлайн-қарыздар беру кезінде міндетті «салқындату» кезеңі енгізілді. Салқындату кезеңінің негізгі мақсаты – Қарыз алушыға шешім қабылдауға уақыт беру, осылайша қарыз шартын асығыс жасау немесе алаяқтық схемаларға тарту ықтималдығын азайту.

Бұл орайда тұрғындарды өз есеп шоттарын өзге азаматтарға қолдануға мүлдем бермеуге және бөтеннің сұрауы бойынша есеп шоттардан қаражат шешпеуге шақырамын.

2025 жыл «Заң мен тәртіп» қағидасы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде «Профилактика жылы» деп белгіленген. Полиция халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстарды іске асыруда.

Сақтық шаралары туралы арнайы дайындалған аудиожазбалар қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында, супермаркеттерде, қоғамдық көліктерде, базарларда және қызметтік көліктердің дауыс зорайтқыштары арқылы айтылады.

             Барлық қоғамдық автобустарда, банкоматтар, терминалдар, сауда орталықтары, супермаркеттер және басқа да орындарда брошюралар (А-3 нысаны) ілінді. Виеоматериалдар кино көрермендер назарына Март сауд орталығында орналасқан кинотеатрда көрсетілуде.             Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында осы желіге тағайындалған тергеу және жедел-іздестіру қызметкерлерін оқыту және олардың жұмысының нәтижелеріне тұрақты негізде талдау жүргізілуде. Интернет-алаяқтық қылмыстары көп жағдайда қоңырау шалу арқылы жасалатындығын ескеріп, бөтен адамдардан түскен әрбір қоңырауларды өзін таныстырған мекемеге тікелей хабарласу арқылы немесе полицияда құрылған «Cyberpol» тобына 99-66-07 байланыс нөмеріне хабарласып тексеру сұралады. Бүгінгі таңға интернет-алаяқтық қылмысымен күресу бағытында құрылған «Cyberpol» тобымен бірқатар жұмыстар атқарылып, жетістіктерге жетуде, алайда алдағы уақтта бұл бағытта атқаратын жұмыс көп.

Қазіргі заманның дертіне айналып бара жатқан интернет-алаяқтық қылмыстарымен, құқық қорғау органдары және халық болып бірлесіп күресуге баршаңыздан сұранамын.

Ағыбаев Валихан Самбетович

Жамбыл облысы Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы,

полиция полковнигі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.