Біз кз

Отбасы – бақыт пен берекенің бастауы

Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат құндылықтардың бірі. Әрбір жанұяның татулығы мен бірлігі – қоғамның дамуына негіз болады. Отбасы күні мерекесіне орай өнегелі жанұялардың еңбегі мен өмір жолын насихаттау – үлкен маңызға ие.
Осындай үлгілі отбасылардың бірі – Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінің режим бөлімінің бақылаушысы Меруерт Сүгірбекова. Қызмет барысында жауапкершілік пен тәртіпті басты орынға қоятын Меруерт өз отбасында да мейірімді ана, сүйікті жар бола білген жан.
Қызмет пен отбасы өмірін қатар алып жүру – үлкен төзімділік пен сабырды талап етеді. Соған қарамастан, Меруерт отбасының берекесін сақтап, балаларына жақсы тәрбие беріп келеді. Отбасындағы сыйластық пен қолдау – олардың басты құндылығы. Жұбайымен бірге балаларын адалдыққа, еңбекқорлыққа және үлкенді құрметтеуге тәрбиелеуде.
Бүгінде олардың жанұясы көпке үлгі боларлықтай татулығымен ерекшеленеді. Балаларының шат күлкісі мен жанұядағы жылулық – әрбір ата-ана үшін ең үлкен бақыт.
Отбасы күні – тек мереке ғана емес, жақын жандардың қадірін түсініп, оларға алғыс айтатын ерекше күн. Осындай берекелі шаңырақтар көбейе берсін!
Меруерт Сүгірбекова мен оның отбасына мықты денсаулық, бақ-береке, шаңырақтарына шаттық тілейміз!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.