Біз кз

МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ОРНЫНА БАТАЛОВ САЙЛАНДЫ

«Райымбек Баталов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы болып сайланды» деп хабарлайды atameken.kz

«Атамекен» ҰКП кезектен тыс ІХ съезінде Райымбек Баталовтың кандидатурасын Ұлттық палатаның Төралқа мүшелері ұсынды. Съезд делегаттары дауыс берді. Олардың 255-сі қолдады, 9-ы қарсы болды, 38-і дауыс беруден бас тартты.

«Палатаны реформалау үшін күш-жігерімді салатыныма уәде етемін. Бәріміз жаңа Палатада жұмыс істейтінімізге сенімдімін. Жұмыс істейік», – деді Райымбек Баталов.

Сондай-ақ, Съезде Палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз еркімен қызметтен кетінін айтты. Ол ауылға барып, елдегі кәсіпкерлерге қолдай көрсететінін жеткізді.

«Құрметті азаматтар. Араларыңызда қаламын. Мен жақында бір сұхбатымда айттым, өзім ауылда өскенмін, қаным қазақ, жаным ашиды. Осы қоғамдық жұмыспен елге барамын. Қазақ балаларын жұмысқа тартамын. Қолымнан келгенше бар жинаған тәжірибемді, білімімді, жігерімді соған жұмсаймын. Сіздерге көп рақмет, аман-саулықта кездесейік», – деді Абылай Мырзахметов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.