Біз кз

Нығматулиннің ұлы «Қазақстан халқы» қорына 750 млн теңге аударды

«Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауыты «Қазақстан халқы» қорына 750 миллион теңге аударды.

Жамбыл облысында орналасқан бұл кәсіпорынды 2021 жылдан бастап экс-Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрланов басқарады.

«…Компания Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан халқы» қорын құру туралы бастамасын қолдап, қорға қажетті әлеуметтік көмек көрсету үшін 750 миллион теңге аударды. Қазақстандық кәсіпкерлер көрсеткен қайырымдылық өзекті әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешуге үлес қосуда» делінген кәсіпорынның ресми парақшасында.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Нығматулиндер отбасы шетелге қоныс аударып, өздеріне тиесілі барлық кәсіпорындарды саудаға қойды деген ақпарат тараған болатын.

Осы орайда BIZ01.KZ сайты «Қазфосфаттың» саудаға шығарылғаны қаншалықты рас екенін білу мақсатында кәсіпорын басшылығына ресми хат жолдады.

Алдағы уақытта нақты ақпарын айтатын боламыз.

 

Маржан РАҚАЙ.

Фотода Нұрхан Нұрланов кәсіпорын қызметкерін марапаттау сәті.

1 Comment
  1. Айжан Малик says

    Қадамдарың оң болсын. Сайттарың да
    ми берсін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.