Біз кз

«Бетті бастым, тұра қаштым…»

Меркі ауданының әкімі Руслан Нұрсипатов жауаптан неге жалтарды?

Меркі ауданының әкімі Руслан Нұрсипатов қоғам белсендісі, Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Исламбек Дастанның сауалына жауап беруден жалтарды.

Белсенді аудан әкімінің не себептен қызметтен кетпегенін тікелей эфир барысында сұраған болатын.

Естеріңізге салайық, қаңтар айында Нұрсипатов аудан тұрғындарының мәселесін шеше алмағаны үшін өз еркімен жұмысынан кететінін айтып, талап қоюшыларға қолын беріп, уәде еткен.

Алайда, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев оның өтінішін қабылдамаған. Яғни, аудан әкімі үшін халыққа берген уәдесінен бұрын, басшысының бұйрығы әлдеқайда маңызды болғанға ұқсайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.