eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Халықтық бақылау» цифрлық сервисі арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына азаматтардан 6,3 мың өтініш келіп түсті. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз орталығы хабарлады.
Енді eGov Mobile қосымшасындағы «Денсаулық» бөлімінің «Медициналық қызметтер тарихы» сервисі арқылы азаматтар өздеріне көрсетілген медициналық көмек туралы толық ақпарат ала алады. Атап айтқанда, қызметтің атауы, көрсетілген күні мен уақыты, сондай-ақ оны қаржыландыру көзі туралы мәліметтер қолжетімді.
Кейбір пайдаланушылар жүйеде көрсетілген ақпарат пен іс жүзінде алған медициналық қызметтер арасында сәйкессіздіктерді анықтаған. Осыған байланысты келіп түскен өтініштер бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Айта кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, «Халықтық бақылау» цифрлық сервистерін одан әрі дамытуды жалғастыруда.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.