Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустық инфекциясының жағдайы туралы ақпаратты күнделікті жариялап, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында бөлісіп отырады. Сол ақрапатқа сүйене отырып, соңғы күндері инфекцияның біршама артқанын байқауға болады.
Мониторингке сәйкес, 2022 жылдың 18 шілдеге облыс аумағында жалпы COVID-19 індетінің 27 242 жағдайы тіркелген. 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 2366,0 құраған. Ал пневмонияның – 8661 жағдайы тіркелген (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 752,4).
Өткен тәулікте КВИ 59 жағдайы (тәуліктің өсім 0,2%) тіркелді, Пневмонияның 0 жағдайы (тәуліктің өсім 0%) тіркелді. 26 506 азамат сауығып шықты.
Сағат 07:00-дегі ақпарат бойынша инфекциялық стационарларда (66 төсек орын) – 40 (төсек орындар 61%-ға толтырылған), о.і. 3 реанимацияда (9 төсек орындар 33%-ға толтырылған) науқас ем қабылдауда.