Біз кз

Референдумды қолдау жөнінде қоғамдық штаб жұмысын бастады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. 

 Жамбыл облысында референдумды қолдау жөнінде 47 адамнан тұратын облыстық қоғамдық штаб құрылды. Штабтың құрамына облыстың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, БАҚ өкілдері және жастар ұйымдарының көшбасшылары мен ғалымдар енгізілді. 

Алдағы уақытта штаб мүшелері өңірдің елді-мекендерінде, ірі кәсіпорындар мен ұжымдарда конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Бүгін штаб төрағасы А. Карентаев және орынбасары Р. Рахманбердиев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында арнайы брифинг өткізіп, түсіндіру жұмыстарын бастап кетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.