Біз кз

Санитарлық әуе көлігіне шақырту азайған

Жамбыл облысының медициналық авиациямен қамтамасыз ету жұмыстарымен «Тараз Жаңа Әлем» әуе компаниясы жүзеге асырады. Азаматтарға аталған компанияның«АН-2» ұшағы, «Тікұшақ»,»Қазавиақұтқару», «ЕС-145» әуе көліктері мен  4 бірлік санитарық автокөлігі және “JAC SUNRAY-транспортер» реанимобилі көмек көрсетеді.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ресми мәліметіне сәйкес, биыл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда санитариялық авиация қызметіндегі шақыртулар саны – 13-ке артып, оның ішінде санитариялық автокөлікпен шығулар көрсеткіші  61-ге ұлғайған. Сонымен қатар, ұшулар саны 48-ге төмендеп, медициналық авиацияға шақырту құрылымы бойынша жаңа туған нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге шақыртулар азайған екен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.