Біз кз

Отбасын жоспарлаудың маңызы неде?

Жамбыл облысының дәрігерлері отбасын жоспарлаудың маңыздылығын түсіндіріп, бірқатар пайдалы кеңес ұсынады. Бұл жоспар бірінші кезекте болашақ аналардың денсаулығын қорғауда үлкен маңызға ие екенін ескертеді мамандар.

«Жалпы, болашақ аналар мен бөбектер үнемі үлкен бақылауда болуы тиіс. Жүктілік – ауру емес, бұл физиологиялық жағдай, босануды шешуі қиын мәселе деп, ал жаңа туылғандарды науқас секілді қарауға болмайды.

Әрбір жүкті әйел жүктіліктің 12 аптасына дейін тұрғылықты мекен-жайы бойынша бекітілген емдеу алдын-алу мекемесіне есепке тұруы керек. Есепке тұрған сәттен дәрігердің кеңесі мен нұсқауын мұқият орындауы қажет. Өйткені бұл кеңестер жүктіліктің асқынусыз өтуімен босанудың қауіпсіз болуына кепілдік береді

Қауіпсіз ана болу дегеніміз-болашақ аналардың жүктілік кезінде не күтуге болатынын білуі, шешім қабылдауға қатысуы және жүктілік пен босану, болуы мүмкін асқынулардың белгілері туралы мәліметтер алуы айтылады. Жүкті әйелге күтім жасау-бұл отбасының бірінші кезектегі міндеті. Жүкті әйелге жүктілік кезінде, босану және босанудан соң, емшекпен емізу кезінде, әсіресе, қандай да бір асқыну болған жағдайда отбасының қолдауы өте қажет. Сол себептен жүкті әйелге серіктес босану ұсынылады. Серіктес босану дегеніміз-жүкті әйелге босануда қолдау көрсету мақсатында күйеуінің, анасының, енесінің немесе жақын құрбы-туыстарының бірінің болуы. Серіктеске жүкті әйелдің босану кезеңінде қандай әрекеттер жасау керектігін тұрғылықты мекеніңізде акушерка немесе акушер-гинеколог дәрігер мәлімет беріп, оқытады. «Дені сау анадан-дені сау бала» демекші, болашақ аналарымыз өзінің денсаулығына және болашақ сәбилерінің өміріне үлкен жауапкершілікпен қараса, дүниеге дені сау сәби келіп, отбасын қуаныш пен бақытқа кенелтері сөзсіз.

Жанұяны жоспарлау-бұл әйелдің денсаулығын сақтауы, қалаулы және дені сау балалардың дүниеге келуі. Басқаша айтканда, жанұяны жоспарлау-бұл жеке тұлғаларға жанұядағы балалар санын, туылу уақытын анықтауға, өмірлік жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жанұяны жоспарлау дегеніміз не? Ол: Жасанды түсіктің алдын алу; ана ауруын және өлімін азайту; балалардың өлімін азайту; жыныстық жолмен таралатын аурулардың алдын алу; жанұяны жоспарлаудың 6-тәсілі бар.

1.Ана сүтімен тамақтандыру. 2.Гормондық тәсілдер. 3.Кедергілік тәсілдер. 4.Физиологиялық тәсілдер 5.Хирургиялық тәсілдер 6.Жатырға спираль енгізу тәсілдері.

Жанұяны жоспарлау – қаламаған жүктіліктен сақтануға, әйел ауруларын және өлімін төмендетуде жоғары мамандандырылған сапалы қызмет етеді. Жанұяны жоспарлау әр түрлі контроцепция әдістері туралы (тиімділігі, кемшілігі, кері әсері, асқынуы т.б ) толық және анық ақпарат бере алады. Бұл әдіс баланың және ананың денсаулығын жақсарту ғана емес, бұл адамның құқығының бір түріне жатады. Отау құрған екі жас берілген ақпаратты толық түсініп, таңдау жасайды, сондықтан қазіргі кезде кең депазонды қауіпсіз және нәтижелі контрацепцияның әр түрлі әдістері кең ұсынылады. ХДҰ жанұяны жоспарлауға сапалы қызмет етеді және әдістердің нәтижелі болуы үшін көп көңіл бөледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.