Біз кз

Асық атудан жеңімпаз атанды

Асық атудан ересектер арасында түрлі деңгейдегі жарыстардың ұйымдастырылып келе жатқанына да көп болды. Асық ату үшін де дәлдік пен шеберлік қажет. Ойынның өз әдіс, тәсілі бар. Оны ойнай білген адам жақсы ұғады. Аудан көлемінде педагогтер арасында А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның мұғалімі Серік Тапаевқа тең келер қарсылас жоқ. Мұны біз айтып отырғаным жоқ, оны өзі қызығушылықтан туған шеберлігімен мойындатқан. Аудан көлемінде өткен жарыстардан бас жүлдені берген кезі болған емес. Талай жыл осылай.
Жақында мұғалімдер арасында өткен облыстық жарыста республикалық кезеңге жолдама алған Серік Тараз қаласында Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан мұғалімдері спартакиадасында асық атудан Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
-Асық атуға еп керек. Аудан, облыс көлеміндегі жарыстардан алда жүрміз. Алайда, республикалық деңгейдегі бәсекеде жол беріп қоятынбыз. Биылғы спартакиада оңай болған жоқ. Әр өңірдің кіл мықтылары бақ сынады. Бірақ біз де намысқа тырыстық. Асық ату-ұлттық ойынымыз. Құндылықтарымызға назар күшейіп, қызығушылық артқан сайын, оның бағасы да өседі. Міне осындай жарыстар арқылы ұлттық ойынға балалардың көңілін аудара аламыз,-дейді жеңімпаздың өзі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.