Біз кз

Ауыл халқы ауызбіршілік танытты

Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы аясында аудан көлемінде өткен жылы баспанаға мұқтаж 9 отбасы жаңа қонысқа көшті. Жомарт жандардың демеушілік көмегімен аталған жоба биылғы жылы да сәтті жүзеге асырылуда. Осы жылға 9 отбасын тұғын үймен қамтамасыз ету жопарланса бүгінге дейін оның 6-уы тапсырылды.
Өткен аптада Ойық ауылдық округінің тұрғыны Жолдыбаевтар отбасы жарқын жобаның игілігін көрді. Тұрып жатқан бес бөлмелі үйге ауыл азаматтары бастамашы болып күрделі жөндеу жүргізді.
Шатырын жаңалап, үйдің сыртын сылап, ішкі бөлмелерін әрлеп берді. Сондай-ақ, үйге тағы бөлме жалғады. Ұйымшылдықпен жүзеге асқан сауапты іске Жанна Жолдыбаева үлкен ризашылығын білдірді.
Ауылдың ауызбіршілігін танытқан қуанышты шараға қатысқан аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков қоныс иесіне жылы лебізін айтып, игі жұмыстың басы-қасында жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.