Біз кз

Жуалыда “Таза аула – таза көше” байқауы жарияланды

Жуалы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясына орай Б.Момышұлы ауылы мен Қарасаз ауылдық округінде «Таза аула – таза көше» байқауы бастау алды.
Тазалықты жанына серік еткен жуалылықтар санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысуда.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу сенбілік шарасына барлық ауыл тұрығындары мен мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Байқауға Б.Момышұлы ауылы мен Қарасаз ауылдық округіне қарасты 90 нан аса көше мен 3500 нан аса аула және 18 мыңнан аса тұрғын атсалысуда. Байқау қорытындысы мамыр айында шығарылатын болыды.
Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.