Қордай ауданында орналасқан Гвардейск гарнизонның танк бригадасында Кеңес Одағының Батыры «Халық Қаһарманы», Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай 100 көшет отырғызылды.
«Жасыл ел – жасыл мекен» акциясына 100 әскери қызметшінің отбасы қатысты. Бұл іс-шара қоршаған ортаны қорғау ісіне ғана емес, сонымен қатар, біздің ортақ үйімізде жасыл бұрыштарды құруға әркім өз үлесін қоса алатын отбасылық мерекеге айналды.
«Мен үшін акцияға қатысу жолдасымның қызметтік істерінде қолдау көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен бірге отбасымен уақыт өткізудің тамаша тәсілі болды. Біз балаларымызбен бірге ағаш отырғызып қана қоймай, оларға табиғатымызға қамқорлық жасаудың маңыздылығын үйреттік. Мұндай іс – шаралар біздің балаларымызды тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынына және олардың қоршаған әлемге және жалпы қоғамға саналы көзқарасын қалыптастыратынына сенімдімін», – дейді танк батальоны командирінің орынбасары, капитан Мұрат Манабевтің жұбайы Гүлнұр Ошанова.
Бригада аумағында отырғызылған ағаштар табиғатқа деген қамқорлықтың символы ғана емес, Сағадат Нұрмағамбетовтің ерлік істерінің мәңгілік ескерткіші болып табылады.