Біз кз

Еріктілер өрт сөндіруге атсалысады

Тілсіз жау — өрттен сақтану,  оның алдын алу, дала өртін болдырмау  шараларына қашанда ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін арнайы мекемелер мен еріктілерді оқыту, үйрету, машықтарын шыңдау жұмыстарының маңызы зор.

Осы ретте Талас ауданында арнайы оқу-жаттығу шарасы өтті. Оған өрт сөндіру қызметімен қатар, ауыл тұрғындарынан құралған  еріктілер де жұмылдырылды.

Мемлекеттік орман қоры аумақтарының және оған жақын орналасқан ауылдық округтердің жерлерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрттің алдын алу бойынша орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесімен бірлескен дала және орман өрттерінің алдын алуға бағытталған оқу-тәжірибелік жаттығу жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Оқу-тәжірибелік жаттығу Ақкөл ауылының аумағында өтті.

Жаттығуға аудан аумағындағы ауылдық округтерде құрылған 220 адамнан тұратын 14 ерікті өрт сөндіру жасағы қатысты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.