Біз кз

ҒҰМЫРЫ ҒИБРАТТЫ ТҰЛҒАЛАР

Қазақ халқының ауыз және жазба әдебиетінің тарихында қалған елеулі тұлғалар әр топырақта туып, ұлттық рухта тамырланған. Сол сияқты жұлдызы биік Жуалы өңірінен да талай жайсаң дүние есігін ашып, қазақ көркемсөзінің көсегесін көгертуге атсалысты.
Тірісінде аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының бір өзі ақиқаттың алдаспанындай болып әрбір қазақтың рухында жарқырап тұр деуге болады. Сонымен қатар, шындықтың жебесіндей атылған әйгілі жазушы Шерхан Мұртаза шығармашылығы да оқырманнан өз бағасын алған.

Осындай тау тұлғалардың ізімен келе жатқан жерлестеріміз журналист Доқтырхан Тұрлыбек, публицист-жазушы Талғат Айтбайұлы, сықақшы, сатирик Толымбек Әлімбекұлы, жазушы-журналист Талғат Сүйінбай сынды ұлт руханиятының дамуына үлес қосып жүрген аптал азаматтарды аудан әкімі Жалғас Мұртаза арнайы қабылдады.

Аудан басшысы еңбекпен есейіп, маңдай терімен, қажырлы жұмысымен өз салаларында жетістікке жеткен сала ардагерлерінің өмір жолына тоқталып, мерейтой иелерін құттықтай отырып Жуалы аймағынан шығып, барша қазаққа ортақ болған тұлғалар біз үшін әрдайым мақтаныш екендігін жеткізді.

Кино өнерінде, журналистика мен әдебиетте өзіндік орны бар, қазақтың рухы биік қаламгерлері, ғұмыры ғибартты тұлғалардың мерейтойларына орай арналған ісшаралар өздерінің туған жерілерінде жалғасты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.