Біз кз

Таразда сотты болған азаматтарға «Шал» фильмі көрсетілді

Бүгінгі таңда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесіндегі жазасын өтеушілердің мәдени-танымдық көзқарастарын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, бірер күн бұрын дәл осы мекемедегі сотты болған азаматтардың назарына «Шал» фильмі ұсынылды.

Айта кетейік, белді режиссёр Ермек Тұрсыновтың бұл туындысы көпшіліктің көңілінен шығып қана қоймай, қазақ киносының жаңа бір құбылысына айналып үлгерді. Фильм қарияға да, жасқа да ой салады. Ой салып қоймай, тұтас бір ұлттың суретін салуға тырысады.

– Бұл кино адамды үлкен терең ойларға жетелейтін, философиялық мәні, мағынасы бар фильм. Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасының желісі арқылы түсірілген туындыда қазақы түсінікке сай, терең ой мен тың идеяларды қолдана отырып, адам баласының өжеттілігін, жігері мен табандылығын, қайсарлығы мен төзімділігін көрсетіледі. Сотты болған азаматтардың отандық фильмдердің осындай үздік туындыларымен жақынырақ таныссын, белгілі бір ой түйсін деп осындай шараны ұйымдастырып отырмыз. Мұндай шаралар болашақта да өз жалғасын табады, – делінген мекеме әкімшілігі таратқан ақпаратта.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.