Біз кз

ҚАЖ мекемесінде кіші футболдан жарыс өтті

Жуырда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар арасында кезекті рет жасыл алаңда бақ сынасты. Бұл күні олар өзара қос командаға бөлініп, кіші футболдан кім мықтыны анықтады. Жарыстың басты мақсаты – арнайы контингент өкілдері арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, сотты болған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу және мекеме ішіндегі ахуалды тұрақтандыру.

Мекеме әкімшілігінің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткен жарыс барысында қос команда өкілдері жеңіске жету жолында аянып қалмады. Ал тартысқа толы болған футбол додасында сотталған азаматтар жеңіске деген жігерін танытып, өзгеше ойын өрнегін көрсете білді. Нәтижесінде, қарсылас құраманың қақпасынан саңлау тауып, ұдайы гол соққан жігіттерге лайықты марапаты табыс етілді. Айта кетейік, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.