Біз кз

Таразда сотталған азаматтар «Мүшел жас» фильмін тамашалады

9d5aa051-9616-4681-9e34-0f91eaa370c7

Бүгінгі таңда Ішкі істер министрлігі бекіткен идеологиялық жұмыс жоспары аясында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілердің таным көкжиегін кеңейтіп, мәдени сауықтыру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, біраз уақыт бұрын аталған департаментке қарасты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесіндегі сотталған азаматтар комедиялық жанрдағы «Мүшел жас» фильмін тамашалады. Арнайы контингент өкілдерін облыс орталығындағы кинотеатрға №26 мекемесі бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әмір Дәулетқұлов бастап барды.

Айта кетейік, қазақстандық шығармашылық топтың туындысы биыл ғана прокатқа шыққан еді. Ал фильм отбасының кенжесі – тиктокер Әминаның (Іңкәр Мадиярқызы) туған күнінен басталады. Жеткіншек алғашқы мүшеліне аяқ басады. Мүшел деген – адам өмірінде 12 жыл сайын қайталанатын өтпелі кезең. Ол ауыр, қауіпті әрі сынаққа толы жыл болуы немесе керісінше, жаңа биіктерге бастайтын кезең болуы мүмкін. Әмина үшін бұл жыл ерекше екенін үй іші бірден сезеді. Туған күн кезінде торттың бетіне қойылған майшамнан байқаусызда от шығып, үй өртеніп кете жаздайды. Сөйтсе Әмина ғана емес, бәрі мүшел жаста екен: ағасы Арман (Рауан Ахмедов) 25 жаста, әкесі Қанат (Жанболат Найзабеков) 49-ға толған, анасы Шолпанды (Толқын Нұрбекова) жолдасымен құрдас деп есептесек, ол да мүшелге кірген. Жақында 73-ке толатын Бейбіт атаның да мүшел жасы таяп қалған.

Отбасы мүшелерінің басына іс түсе бастаған кезде Бейбіт ата (Досжан Жанботаев) «бәріне қарғыс атқан қамшы кінәлі» деген аңызды айтады. Оның сөзінше, қамшыны тезірек туған ауылына апару керек. Әйтпесе ешқайсы мүшел жасты аман-есен еңсере алмайды. Үй іші басында ауылға барғысы келмей, ақыры келісіп, бәрі бірге жолға шығады. Жол бойы ұрсып та, татуласып та үлгереді және сан түрлі шытырман оқиғаны бастан кешеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.