Біз кз

Арайлықтардың қуанышы

«Арай» алқабы тұрғындарын көптен бері толғандырып жүрген мәселенің бірі қоғамдық көлік қызметі болатын. Қала әкімі Бақытжан Орынбековпен кездесуде де аталған мәселе көтеріліп, шаһар басшысы проблеманың шешімі көп ұзамай табылатындығын жеткізген еді. Енді міне, бүгін сол тұрғындардың тілегі орындалып, ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап «Smart City Servise» ЖШС қызмет көрсетіп отырған №9 маршрут бағыты «Арай» алқабына дейін созылды.
Аталған бағыт жүру жиілігі Талас ауылынан Саңырақ батыр көшесіне дейінгі аралықта қызмет көрсетсе, бүгінде «Көктем» алқабы арқылы «Арай» алқабындағы Бәйдібек баба көшесіне 10-шы кестемен, жүру аралығы 15 минутқа созылып, «Golden Dragon» маркалы автобустар арқылы қызмет көрсетуде.
Сонымен қатар, бағыттың таңғы, түскі және кешкі 1 реттік рейстері «Шаңырақ» алқабына дейін ұзартылды. Жолаушылар ағымына байланысты алдағы уақытта қосымша автобустар қосу арқылы бағытты «Шаңырақ» алқабына дейін толықтай ұзарту да жоспарда бар.
Бүгінде «Шаңырақ» алқабына ұзартылған жүру аралығы 25 минутты құрайды.
Осылайша шаһардағы қоғамдық көліктердің тапшылығы кезең-кезеңімен шешілуде. Бұл ілкімді іске тұрғындар да дән риза.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.