Біз кз

Атқарылған іс ауқымды

Қазақстан республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес  елімізде «Таза Қазақстан» атты бес апталық республикалық экологиялық акциясы жүріп жатқаны белгілі. Осы ретте Жамбыл облысының аудандары да аталған акцияға белсенді атсалысуда. Сол аудандардың бірі – Қордай. Акцияның әр атаулы аптасын барынша маңызды әрі нәтижелі өткізіп жатқан қордайлықтардың ісі үлгі аларлық.

Мысалы, ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және ерікті жастар, студенттер №7 Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығына барып, аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, қарияларға құрмет көрсетті. Бұл істі жастар экологиялық акцияның «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында өткізді.

Акция барасында Жастар ресурстық орталығының директоры Расул Беделбаев сөз сөйлеп, аға буын өкілдеріне көмек көрсету, үлкенді сыйлау ізгі парызымыз екенін атап өтті. Жастар ата-әжелердің қалдарын сұрап, сөйлесіп, көңілдерін көтеруге барын салды.

– Жастық шағын еліміздің гүлденуі мен өркендеп дамуына арнап, маңдай терін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету тек мемлекет тарапынан ғана емес – бүгінгі жас буынның басты парызы екенін де ұмытпаған жөн. Президенттің бастамасына қолдау көрсете келе, осындай ізгілікті істер жалғасын табатынына сенімім көп, – деді Расул Беделбаев.

Өз кезегінде қариялар жастардың ісіне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Дәл осындай өнегелі істі Қордай ауданы, Бетқайнар ауылдық округіне қарасты Соғанды ауылының жастары да ұйымбастырған болатын. Ауыл жастары Мамбеталиевтер отбасылық бақшасына жеміс ағаштарын отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Жастардың мақсаты – Президенттің бастамасына қолдау көрсете отырып, өзге де тұрғындарды тазалық акциясына атсалысуға шақыру, қарттарға қамқорлық, құрмет көрсету болды. Осы ретте жастар қолдарына күректерін ұстап, жеміс ағаштарын егіп, қарияның бақшасын тазалап берді.

– Мен осындай мейрімді жастардың барына қуанамын. Бүгін көктемнің шуақты күнінде үйге келіп жылы сөздерін айтып, үй шаруасына көмектесіп, ауламды және бақшамды тазалап берді. Жастармен бірге шай ішіп, көңілім көтеріліп қалды. Осындай акциялар жиі ұйымдастырылып тұрса екен деймін. Елімізде көмекке мұқтаж жандар бар. Жасымыз келгенен кейін үй шаруасына жарамаймыз, – дейді бағбан Г.Мамбеталиев.

Өз кезегінде белсенді жастар қарияларға көмек көрсету өскелең ұрпақтың парызы екенін атап өтіп, осындай ізгілікті істер өзге де елді мекендерде ұйымдастырылса деген тілегін де жеткізді.

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, елімізде «Таза Қазақстан» атты бес апталық республикалық экологиялық акциясы ағымдағы жылдың 11-і сәуірінен бастау алған болатын.

Жамбыл облысы әкімінің бөлінісімен осы уақытқа дейін барлық ауданда бірқатар шаралар өтті. Мысалы, Қордай ауданының өзінде «Таза өлке» бағдарламасына 2300 адам мен 35 мекеме жұмысшыларымен қатысты, 7 бірлік техника қатысып, 300 аула тазаланды, жұмыстар қорытындысымен 40000 т қоқыс шығарылды.

«Жасыл аймақ» бағдарламасы аясында 2500 адам мен 30 мекемелер жұмысшыларымен қатысты, 5 бірлік арнайы техника және 1300 ағаш отырғызылды, көшеттер саны 2000, ағаштарды көшіру 150.

Ағымдағы жылдың сәуір айының 20-ы күні «Киелі мекен» бағдарламасы өткізіліп, оған 3000 мың адам қатысып, 4 бірлік техника, саябақтардың 3000 шаршы метр көлемін тазалатуға, брюсчатка (жабынды) жөндеуге ретке келтіруге 300 шаршыметр және 2000 тонна қоқыс шығарылды.

Президентіміздің және облыс әкімінің берілген тапсырмаларына сәйкес, акция аясында жұмыстар жоспарға сәйкес өткізілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.