1 маусым – Балаларды қорғау күні.
Жаздың алғашқы күнімен келген мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты күндердің бірі. Сол себепті, осы күні әрбір балақай ата-анасының қамқорлығын сезінсе, бақытты балалық шақтың балдәурен күндерін көңілді өткізсе дейміз.
Бұл күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі сотты болғандардың туған-туыстары келіп, аз-кем әңгімелесуге мүмкіндік алды. Ұзақ мерзімді кездесу барысында қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтейтін бірқатар азаматтар бала-шағасымен көрісіп, отбасылық мерекені ет-жақындарымен бірге қарсы алды.